Қазақстандағы ғылым мен жоғары білімнің трансформациясы: Білім беру хабына апарар жол

Қазақстандағы ғылым мен жоғары білімнің трансформациясы: Білім беру хабына апарар жол

Ғылыми әдебиетке жүйелі шолу жасау кез келген саладағы ағымдағы жағдайды, реформалардың тиімділігі мен даму тенденцияларын терең түсінудің, сондай-ақ жинақталған білімді жүйелеудің маңызды құралы. Осы тұрғыдан алғанда, бұл мақала Қазақстанның жоғары білім және ғылым жүйесіндегі реформаларды бағалаумен қатар бұл тақырыпта жазылған зерттеулерді талдап, келешек зерттелуер үшін бағыт ұсынады. Осы мақсатқа жету үшін авторлар жүйелі әдеби шолу әдісін қолданды: бастапқыда 533 жарияланған жұмыс қарастырылып, аннотацияларды іріктеуден кейін 107-сі қалдырылды, ал түпкілікті талдауға реформаларды, бағдарламаларды немесе ғылыми дамуды тікелей қарастыратын 62 толық ғылыми мақала алынды. Нәтижесінде білім беру әлеуеті, зерттеу әлеуеті, іске асыру құрылымдары және академия, өндіріс пен халықаралық серіктестер арасындағы байланыстар бойынша жіктеулер жасалды. Қарастырылған жарияланымдардың басым...

Университеттерде академиялық мансапқа деген адалдықты арттыру

Университеттерде академиялық мансапқа деген адалдықты арттыру

Ғылымға адал ғалымдарды ұстап қалу – әлем университеттері үшін негізгі міндеттердің бірі. Бұл, әсіресе, ғылыми кадрлардың жетіспеушілігі байқалатын Қазақстан үшін өте маңызды. Оқытушылардың мансапқа адалдығы ұйымдардың инновациялылығының, өнімділігінің және тұрақтылығының артуында маңызды рөл атқарады. Көжахмет пен Молдашевтің (2024) соңғы зерттеуі мансапқа адалдыққа әсер ететін негізгі факторларды, соның ішінде кәсіби зерттеу желілерін (PRN) және зерттеушілік өзін-өзі тиімді сезінуін (RSE) анықтады. Зерттеу Қазақстанның тоғыз университетінде жүргізіліп, гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық ғылымдар саласында жұмыс істейтін ғалымдарға бағытталған. 500-ден астам сауалнамадан (оның ішінде 211-і жарамды деп танылған) жиналған деректер және PRN, RSE, мансаптық мақсаттар мен мансапқа адалдық арасындағы байланыстарды талдау үшін PLS-SEM әдісі қолданылды. Нәтижелер негізінде университет...