Бұл семинарда ғылыми мақалаларды даярлау барысында жиі кездесетін desk rejection мәселесін болдырмау жолдары талқыланды. Семинар барысында зерттеу мәселесінің өзектілігін дұрыс негіздеу, әдеби шолу құрылымын нақты құру, зерттеу мақсаты мен әдістерін жүйелі көрсету секілді маңызды аспектілер талқыланды. Сондай-ақ, мысалдар арқылы тақырыптан ауытқымау, ғылыми жаңалықты айқын көрсету, сапалы деректер мен әдістерді қолданудың маңыздылығы айтылды. Семинар соңында мақаланы дұрыс құрылымдау, ағылшын тілінің сапасын арттыру және жасанды интеллект құралдарын этикалық қолдану туралы ұсыныстар берілді.

Семинар соңында ғылым саласындағы жаңалықтардан хабардар болу және келешек зерттеулерге қатысу үшін келесі сілтеме бойынша тіркелу ұсынылды https://www.surveymonkey.com/r/XHG239K