Ғылыми әдебиетке жүйелі шолу жасау кез келген саладағы ағымдағы жағдайды, реформалардың тиімділігі мен даму тенденцияларын терең түсінудің, сондай-ақ жинақталған білімді жүйелеудің маңызды құралы. Осы тұрғыдан алғанда, бұл мақала Қазақстанның жоғары білім және ғылым жүйесіндегі реформаларды бағалаумен қатар бұл тақырыпта жазылған зерттеулерді талдап, келешек зерттелуер үшін бағыт ұсынады. Осы мақсатқа жету үшін авторлар жүйелі әдеби шолу әдісін қолданды: бастапқыда 533 жарияланған жұмыс қарастырылып, аннотацияларды іріктеуден кейін 107-сі қалдырылды, ал түпкілікті талдауға реформаларды, бағдарламаларды немесе ғылыми дамуды тікелей қарастыратын 62 толық ғылыми мақала алынды. Нәтижесінде білім беру әлеуеті, зерттеу әлеуеті, іске асыру құрылымдары және академия, өндіріс пен халықаралық серіктестер арасындағы байланыстар бойынша жіктеулер жасалды.

Қарастырылған жарияланымдардың басым бөлігі білім беру реформасы мен педагогикалық жаңғыртуға арналған. Атап айтқанда, мақалалардың 45-і оқу бағдарламаларын өзгерту, оқытудың жаңа тәсілдері және әсіресе халықаралық деңгейде танылу мен студенттерге кең мүмкіндіктер беретін ағылшын тілінде оқытуға көшу мәселелерін зерттеген. Сол сияқты, цифрландыру тенденциялары 43 жұмыста көрініс тапты, олар көбінесе онлайн оқыту құралдарымен, жаңа білім беру платформаларымен және аудиториялық тәжірибені қайта құрумен байланыстырылды. Бұл өзгерістер ауқымды цифрлық бағдарламаларды және Болон процесінен кейінгі бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлеріне өтуді қамтитын ұлттық бастамалармен тығыз байланысты болды. Әдебиеттер институционалдық дербестіктің артуы, бағдарламаларды әзірлеудегі икемділік және көптілді оқыту Қазақстанның академиялық ортасын қалыптастыруды жалғастырып жатқанын көрсетті.

Зерттеу әлеуеті (ғылыми потенциал) әлдеқайда сирек талқыланды. Тек 25 зерттеу ғана ғылыми бағдарламаларды, ғылымды қаржыландыруды немесе инфрақұрылымды тікелей қарастырған, бұл білім беруді жаңғыртуға қарағанда ғылым саласындағы прогрестің баяу жүріп жатқанын аңғартады. Шолуға алынған жұмыстар жарияланым жасау қысымын, әсіресе докторанттар үшін жаңадан бекітілген талаптардың нәтижесі ретінде бірнеше рет атап өтеді. Бұл талаптар жарияланым белсенділігін арттырғанымен, бірқатар мақалалар сапасыз өнімдердің көбею, «жыртқыш» журналдарда жариялану және жас ғалымдар арасындағы кәсіби күйзелу (burnout) қаупін алға тартты.

Қарастырылған мақалалар реформаларды іске асыру және университеттік деңгейдегі қабылдануын да талдаған. Реформаларды сәтті болуын бюрократиялық рәсімдер, есеп беру жүйесінің түсініксіздігі және қаржыландырудың икемсіздігі прогресті тежейтіні көрсетілді.  Дегенімен, мемлекет тарапынан қолдау, оның ішінде стипендиялық бағдарламалар, қайта қаралған басқару құрылымдары және мақсатты қаржыландыру, институционалдық өзгерістердің күшті қозғаушы күші ретінде анықталды.

Тек онға жуық мақала коммерцияландыру қызметін немесе бірлескен инновациялық әрекеттерді талқылаған, ал тұрақты серіктестік мысалдары сирек кездесті. Әдетте, ынтымақтастық қысқа мерзімді тағылымдамалар, шақырылған дәрістер немесе студенттерге бағытталған іс-шаралар арқылы жүзеге асып, зерттеулерді коммерцияландыру, патенттеу немесе технологиялар трансфертіне қатысу шектеулі болуы айталады. Құрылымдық ынталандырудың әлсіздігі, ортақ басқару жауапкершілігінің жоқтығы және бірлескен қаржыландырудың аздығы негізгі кедергілер ретінде қаралды.

Интернационалдандыру мәселесі анағұрлым айқын көрініс тапты: 35 мақала ұтқырлықты, халықаралық оқытушыларды тартуды немесе жаһандық аккредитацияны тікелей қарастырса, 37-сі кең ауқымды халықаралық ынтымақтастықты зерттеген. Жетекші ұлттық университеттер зерттеу стандарттары мен серіктестіктердің тірегі ретінде өзгерістердің драйверлері болып бірнеше рет аталды. Әдебиеттер интернационалдандыруды жоғары зерттеу нәтижелерімен, институционалдық позицияны жақсартумен және академиялық желілерді кеңейтумен байланыстырды.

Шолуға негізделіп, авторлар болашақ зерттеулердің бірнеше бағытын айқындайды. Жоғары білім мен ғылымдағы реформалар негізінен STEM бағыттарына бағытталғандықтан, болашақ жұмыстарда осы пәндер бойынша зерттеу әлеуетін қалай күшейтуге болатынын бағалау ұсынылады. Бұл ретте STEM дайындығын ұлттық инновациялық нәтижелермен байланыстыратын трансферттелетін тәжірибелерді анықтау үшін ұқсас дамушы экономикалармен салыстырмалы зерттеулер жүргізу қажет. Сондай-ақ, білім беруді жаңғыртудың зерттеу сапасына қалай әсер ететінін түсіну маңызды; лонгιтюдалық (ұзақ мерзімді) зерттеулер соңғы құрылымдық өзгерістердің жарияланым өнімділігіне, докторантура нәтижелеріне және міндетті жариялау талаптарына байланысты қысымдарға қалай әсер ететінін бақылай алады.

Сонымен қатар, басқару модельдерін тереңірек зерттеу ұсынылады, әсіресе орталықтандырылған саясат аясында жұмыс істей отырып, университеттердің өз автономиясын қалай сақтай алатынын және институционалдық көшбасшылықтың реформалар тұрақтылығын қалай қалыптастыратынын қарастыру қажет. Зерттеушілерге жоғары білім берудегі цифрлық дайындық деңгейін, соның ішінде технологиялық бейімделу, цифрлық құралдар және жаңадан пайда болған жасанды интеллект негізіндегі қосымшалар зерттеу әлеуетін, оқу ортасын және институционалдық тәжірибені қалай өзгертетінін бағалау ұсынылады. Соңында, әдебиеттер өндіріс пен университет ынтымақтастығының зерттеп, өміршең модельдерін дамыту қажеттілігін көрсетеді.

Мақалаға сілтеме https://doi.org/10.3390/educsci15121597